Құрылтай депутаттары ант беруге кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрылтай депутаттары ант беруге кірісті

Құрылтай депутаттары ант беруге кірісті

Бүгін, 28 тамызда жаңа бір палаталы Құрылтайдың депутаттары Қазақстан халқына ант бере бастады. 

  • 28 Тамыз
  • 1
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«ҚР Конституциясының 54-ші бабына сәйкес Құрылтай депутаттары Қазақстан халқына ант береді. Осыған байланысты салтанатты түрде ант беру рәсіміне кірісуге рұқсат етіңіздер», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Алғаш болып антты «Әділет» партиясының депутаты Константин Авершин оқыды.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға және депутат ретінде маған жүктелген жоғары міндеттерді адал орындауға ант етемін», – делінген антта.

Еске сала кетейік, Құрылтайға 145 депутат сайланды.