Алтын бағасы қысқа уақыт ішінде күрт төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 455.4
  • 526.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алтын бағасы қысқа уақыт ішінде күрт төмендеді

Алтын бағасы қысқа уақыт ішінде күрт төмендеді

Comex биржасында желтоқсанда жеткізілетін алтын фьючерсінің бағасы 2026 жылғы 7 тамыздан бері алғаш рет бір троя унциясы үшін 4350 доллардан төмен түсті

  • 3 Қыркүйек
  • 1
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Oxu.Az мәліметінше, 2 қыркүйекте Қазақстан уақытымен сағат 06:51-де алтынның бағасы 3,08%-ға арзандап, бір троя унциясы үшін 4343,6 доллар болды.

Сағат 07:10-да бағалы металдың арзандауы жалғасып, фьючерс құны 3,21%-ға төмендеді. Нәтижесінде бір троя унциясы алтынның бағасы 4337,5 долларды құрады.

Бұған дейін алтын бағасының 19 тамызбен салыстырғанда күрт өзгергені хабарланған еді. Сондай-ақ қаражатын алтынға салуды жоспарлап жүргендер үшін оны дұрыс сатып алудың үш тәсілі туралы жазған болатынбыз.