Блогер жастарға ақыл-кеңесін айтып дінге жақындаудың қажеті жоғын айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Құдайға жағамыз деп жастардың көбісі дінге кетіп қалады. Айналайын, дінде шатағың болмасын, тыныш жүре бер. Біреудің ала жібін аттама, біреудің артық затын алма, біреуге қиянат келтірме, болды осы саған дін. Айналайын, үлкен еркектер, жастарды сүйремеңдер! Мешітке барыңдар, қоныңдар, бүкіл сүрені де, хадисті де жаттаңдар! Бірақ жастарға тимеңдерші”, — деді блогер.
Сондай-ақ, блогер жастар спортқа, білімге, өнер қызығуы керек екенін айтты.
”Олар өнер, білім, спортпен алыссыншы. Жандарым, сендерден өтінемін! “Қабірдің азабы, сазабы” деген әңгімелеріңді жастарға айтпай-ақ қойыңдаршы. Қызға да, ұлға да тимеңдер. Бұлар сетевой сияқты бір-бірін көбейте бергісі келеді екен. “Сонда маған сауап жазылады” деп ойлайды екен. Жоқ, қателесесің. Құдайды шынымен құрметтейтін болсаң жастарға тиме. Сендерден зиян көп болып жатыр. Кешірім сұраймын сендерден, бірақ ол рас, тимеңдерші жастарға”, — деді Мөлдір Анарбаева.