"Қырғыз ағайындарға риза болып отырмын": Журналист Ерқанат Көпжасар Бішкектегі көшпенділер ойынының ұйымдастырылуын жоғары бағалады - kaz.caravan.kz
  • $ 458.45
  • 531.39
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қырғыз ағайындарға риза болып отырмын": Журналист Ерқанат Көпжасар Бішкектегі көшпенділер ойынының ұйымдастырылуын жоғары бағалады

"Қырғыз ағайындарға риза болып отырмын": Журналист Ерқанат Көпжасар Бішкектегі көшпенділер ойынының ұйымдастырылуын жоғары бағалады

Танымал журналист Ерқанат Көпжасар Қырғызстандағы "Көшпенділер ойынының" ашылу салтанаты мен түрлі іс-шаралардың ұйымдастырылуына жоғары баға берді.

  • 2 Қыркүйек
  • 1
Фото: Instagram/aizadanuradileva

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Тележүргізуші қырғыз елі көшпенділер ойынынан бөлек, ШЫҰ отырысы сынды бірнеше саяси оқиғалаларды қатар өткізіп жатқанын мәлімдеді.

«Қырғыз ағайындарға риза болып отырмын. Сырттай қарағанда, бірнеше үлкен шараның уақыты қатар келгендей көрінуі мүмкін. Бірақ саясатта ірі оқиғалардың бір мезетке тоғысуы кездейсоқтықтан гөрі мемлекеттің өзін әлемге қалай көрсеткісі келетінін аңғартады.

Қырғыз Республикасы Тәуелсіздік күнін атап өтті. Орталық Азиядағы ең ірі стадионды ашты. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары арқылы өзінің тарихи-мәдени тамырын халықаралық аудиторияға шығарды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы саяси үдерістер арқылы Бішкекті үлкен дипломатиялық әңгіменің алаңына айналдырды.

Мәселе осы шаралардың көптігінде емес. Мәселе — олардың барлығын бір мемлекеттік нарративке біріктіре алуында.
Сөйтіп, тарих, мәдениет, спорт, инфрақұрылым және геосаясат бір нүктеде түйісті. Бұл — қазіргі халықаралық қатынастарда аса маңызды тәсіл.

Өйткені XXI ғасырда мемлекеттер тек экономикасының көлемімен немесе әскерінің қуатымен ғана бәсекелеспейді. Олар әлемнің назарын аудару үшін де күреседі. Кім халықаралық ақпарат кеңістігінің назарын өзіне бұра алады, кім өзінің ұлттық тарихын заманауи саяси тілмен сөйлете алады — сол мемлекет өзінің салмағынан да үлкен ықпал қалыптастыра алады», — деп жазды ол.