Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімнің ауысуы мүмкін екені 2026 жылғы 3 қыркүйекте Алматы облыстық мәслихатының сайтында жарияланған хабарландырудан белгілі болды.
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 «Астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімін лауазымға тағайындауға астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының келісім беру қағидаларын бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Алматы облысының әкімін лауазымға тағайындауға келісім беру үшін облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2026 жылғы 4 қыркүйекте сағат 10:00-де Қонаев қаласында өтеді, – делінген хабарландыруда.
Жиналыс Жамбыл көшесі, 13/1 мекенжайында орналасқан Мәдениет үйінде өтеді.
Қазіргі уақытта Алматы облысын Марат Сұлтанғазиев басқарады. Ол өңір әкімі болып 2022 жылғы 11 маусымда тағайындалған.