Бұл туралы экс-депутаттың өзі Instagram-дағы парақшасында бөлісті, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”24 күн. Нұржігіт комадан шықты, оянды. Есін кіргізіп, анасы, әйелі мен балаларын, аға-інілерін, туыстарын танып отыр.
Еліміздің бетке ұстар реаниматологы, Мусаев Гамзат бастаған Тараз қаласының анестезия және реанимация бөлімінің кәсіби реаниматологтары Денсаулық сақтау министрлігінің көмегімен жан-жақты, сапалы ем жасап, Нұржігітті аяғына тұрғызуда”, — деп жазды Бақытжан Базарбек.
Еске сала кетейік, жол апаты тамыз айында Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданында орын алған.