”Мен сондай ақымақ болдым”: Нұртас Адамбай бұрынғы радикалды пікірлерін еске алып жылап қалды (Видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 454.31
  • 528.04
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Мен сондай ақымақ болдым”: Нұртас Адамбай бұрынғы радикалды пікірлерін еске алып жылап қалды (Видео)

”Мен сондай ақымақ болдым”: Нұртас Адамбай бұрынғы радикалды пікірлерін еске алып жылап қалды (Видео)

Қазақстандық актер, продюсер Нұртас Адамбай бұрын айтқан пікірлерінің қате болғанын мойындап, сол сөздері үшін кешірім сұрады.

  • 8 Қыркүйек
  • 4
Screenshot

Бұл туралы ол Қанат Бейсекеевке берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Продюсер бұған дейін адамдарды футболмен айналыспауға және футбол матчтарын көрмеуге шақырғанын еске алды. Адамбай сол кезеңде өзгелерге немен айналысу керегін немесе керісінше, неден бас тарту қажет екенін айтуға өзін құқылы санағанын жеткізді.

“Ол кезде қателескенімді мойындаймын. Футболмен айналыспау керек, футбол көрмеу керек дегенім – менің ақымақтығым болды. Сол кезде соншалықты ойсыз болғаным сонша, өзгелерге немен айналысуға болатынын, немен айналысуға болмайтынын айтуға құқығым бар деп ойладым”, — деді Нұртас Адамбай.

Соңында ол бұрынғы көзқарасын еске алып, эмоциясын жасыра алмай, көзіне жас алды.