Қазақстанда бір айда қанша автокөлік тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.88
  • 516.58
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бір айда қанша автокөлік тіркелді

Қазақстанда бір айда қанша автокөлік тіркелді

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктің жалпы саны 6 088,7 мың бірлікке жетті

  • 16 Қыркүйек
  • 1
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда тамыз айында 166,6 мың автокөлік есепке қойылды, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

2026 жылғы тамызда елде 166 547 автокөлік есепке қойылды.

«Бір айда тіркелген көліктің жалпы санының 87,5%-ын жеңіл автомобильдер, 5,6%-ын жүк автомобильдері, 2,6%-ын тіркемелер, 0,8%-ын автобустар, 0,7%-ын мотоциклдер және 2,7%-ын өзге де автокөлік құрады», — деп жазылған хабарламада.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктің жалпы саны 6 088,7 мың бірлікке жетті.

Жалпы көлік паркінің құрылымы мынандай:

жеңіл автомобильдер – 5 105,4 мың бірлік (83,9%);

жүк автомобильдері – 496,1 мың бірлік (8,1%);

тіркемелер – 263,9 мың бірлік (4,3%);

автобустар мен шағын автобустар – 89,5 мың бірлік (1,5%);

мотоциклдер – 75 мың бірлік (1,2%);

өзге де автокөлік құралдары – 58,7 мың бірлік (1%).

Тамыз айында есепке қойылған жеңіл автомобильдердің құрылымында ең жоғары үлесті шығарылғанына 20 жылдан асқан автомобильдер құрады – 28%. Ал тіркелген жеңіл автокөліктердің шығарылған жылдары бойынша бөлінісі мынандай:

3 жылға дейін – 40 513 бірлік (24,3%);

3 жылдан астам, бірақ 7 жылдан аспайтын – 12 986 бірлік (7,8%);

7 жылдан астам, бірақ 10 жылдан аспайтын – 6 011 бірлік (3,6%);

10 жылдан астам, бірақ 20 жылдан аспайтын – 39 646 бірлік (23,8%);

20 жылдан астам – 46 610 бірлік (28%).

Өңірлер бөлінісінде шығарылғанына 20 жылдан асқан жеңіл автомобильдер Алматы облысында – 6 254, Жамбыл облысында – 4 643 және Түркістан облысында – 4 559 бірлік тіркелді.