Қорғаныс министрлігінің бірқатар функциясы өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.88
  • 516.58
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс министрлігінің бірқатар функциясы өзгерді

Қорғаныс министрлігінің бірқатар функциясы өзгерді

Қаулы 2026 жылғы 25 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

  • 16 Қыркүйек
  • 1
Фото - Caravan.kz

Үкіметтің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі қаулысымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство міндеттерінің бірі мынадай редакцияда нақтыланды:

  • агрессияға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарулы қорғау, мемлекеттік және әскери нысандарды күзету және қорғау, әуе кеңістігін күзету, сондай-ақ Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау үшін Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар министрлікке бірнеше жаңа функция берілді:

  • әскери қызметшінің кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерін белгілейді;
  • әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
  • мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібінің үлгілік қағидалары негізінде еңбек тәртібі қағидаларын бекітеді;
  • үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы мемлекеттік заңды тұлғалардағы басқару функцияларын орындауға байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді.

Министрліктің жекелеген функциялары өзгертілді:

  • Қарулы күштер түрлерінің, Арнайы операциялар күштерінің, әскер тектері мен арнаулы әскерлердің жедел мақсаттары мен міндеттерін, олардың басқа да әскерлер және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің қарулы күштерімен өзара іс-қимыл жасай отырып қолданылуын айқындайды;
  • астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қарулы күштердің аумақтық әскерлеріне басшылық етеді;
  • әскери атташелер аппараты мен әскери өкілдер аппараты әскери қызметшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары мен қызмет өткеру шарттарын бекітеді;
  • Қарулы күштердің әскери қызметшілерін шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін іріктеу қағидаларын бекітеді;
  • әуе шабуылына тойтарыс беру немесе Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі Мемлекеттік шекарасын бұзудың алдын алу және (немесе) оны тоқтату, сондай-ақ Қазақстанның егемендігіне, аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне қарсы күш қолдануды немесе күш қолдану қатерін жою жөніндегі шараларды қабылдайды.

Бұдан бөлек, кейбір функциялар алынып тасталды.

Қаулы 2026 жылғы 25 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.