Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Қамшыбек Қоңқабаев Аслан Қаженовке берген сұхбатында ұлттық құрама Азия ойындарында бірнеше алтын медаль жеңіп алатынына сенім білдірді.
«Оқу-жаттығу жиындарында болған жоқпын, бірақ дайындықтың барлығы жоғары деңгейде өтті деген сенімдемін. Осы Азия ойындарында біздің құрама бірнеше алтынмен қуантады деген сенімдемін. Елдің намысын қорғайтын барлық спорт түріндегі спортшыларға сәттілік тілеймін», – деді ол.
Сонымен қатар боксшы аса ауыр салмақта өнер көрсететін Айбек Оралбайдың мүмкіндігіне тоқталды.
«Айбек әлем чемпионы болды. Барған жарыстарының барлығында алтын жүлдемен оралып жатыр. Бұйырса, Азия ойындарынан да алтын жүлдемен оралады деген сенімдемін», – деді Қамшыбек Қоңқабаев.
Ол кәсіпқой бокстағы мансабына қатысты жоспарымен де бөлісті.
«Өздеріңіз білетіндей, екі ай Англияда болып қайттым. Әзірге кәсіпқой бокстан ұсыныстарды күтіп жатырмын. Осы жиған тәжірибемен, жетістікпен елге қызмет етсек пе деген ой да келіп жатыр», – деді спортшы.