Президент Fufeng Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчуньді қабылдады - kaz.caravan.kz
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
  • $ 441.89
  • € 502.56
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Fufeng Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчуньді қабылдады

Президент Fufeng Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчуньді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Сюэчуньді Жамбыл облысында ауқымды инвестициялық жобаны іске қосуымен құттықтады. Мемлекет басшысының айтуынша, б

  • 25 Қыркүйек
  • 1
Фото - Caravan.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Сюэчуньді Жамбыл облысында ауқымды инвестициялық жобаны іске қосуымен құттықтады.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл кәсіпорын еліміздің индустриялық дамуы және агроөнеркәсіп биотехнологиясы сияқты жаңа бағытты қалыптастыру тұрғысынан стратегиялық мәнге ие. Бұл ретте шикізатты тұрақты жеткізу және өндірістік парк айналасында аграрлық белдеу құрудың маңызы зор.

Ли Сюэчунь компания еліміздің диқандарымен жүгері сатып алу, сондай-ақ білікті маман даярлау бойынша ұзақмерзімді серіктестік орнатуға ниетті екенін айтты. Осы орайда еліміздің жоғары оқу орындарымен бірлескен білім бағдарламаларын әзірлеу және кәсіпорын базасында отандық ғылыми-зерттеу институттарын тарта отырып, R&D орталығын құру мүмкіндігі талқыланды.

Fufeng Group директорлар кеңесінің төрағасы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында ірі жобаларды жүзеге асыра алатындай қуатты ресурс пен әлеуетке ие екенін айтты.