Каспийде қаза тапқан үш әскери қызметкердің денесі Оралға жеткізілді - kaz.caravan.kz
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
  • $ 441.89
  • € 502.56
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийде қаза тапқан үш әскери қызметкердің денесі Оралға жеткізілді

Каспийде қаза тапқан үш әскери қызметкердің денесі Оралға жеткізілді

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан үш әскери қызметшінің денесі Орал қаласына жеткізілді.

  • 25 Қыркүйек
  • 1
Фото: Жасанды интеллект

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімдігі хабарлады, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы

Бүгін, 25 қыркүйек сағат 08:45-те Орал әуежайына Жеңіс Темірғалиев, Өмірбек Өмірзақ және Ақжайық Гилаждың денелері тиелген арнайы рейс қонды. Қаза тапқан әскери қызметкерлермен қоштасу рәсімі мен жерлеу рәсімі ертең, 26 қыркүйекте өтеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаза тапқандардың отбасыларына жергілікті атқарушы органдар тарапынан материалдық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар кәсіпкерлер тарапынан да қолдау көрсетіледі. Жерлеу рәсімін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр», – делінген әкімдік хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, жағдай БҚО әкімінің жеке бақылауында.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде ауа райының нашарлап, желдің күшеюіне байланысты теңізге 17 әскери қызметші ағып кеткен. Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі құтқарылды.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Оқиғаға байланысты екі қылмыстық іс қозғалды. Олар Қылмыстық кодекстің 453-бабы 2-бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау») және 465-бабы («Кеме жүргізу қағидаларын бұзу») бойынша тергеліп жатыр.