Димаш Құдайберген Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты - kaz.caravan.kz
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
  • $ 441.89
  • € 502.56
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Димаш Құдайберген Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

  • 25 Қыркүйек
  • 1
Фото: инстаграм/shakhmurat_mutalip

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Біздің Ақтауда көз жұмған 18-19 жасар інілерімді қимай жүрегім ауырып, айтуға сөз таба алмай отырмын.

Балалық кезеңнен енді ғана шығып келе жатқан кезде жап-жас ғұмырлардың осылайша үзіліп кеткені…

Қаза болған бауырларымыздың ата-анасына, туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Алла жүректеріңізге сабыр, өздеріңізге күш берсін.

Інілерімнің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Жандары жаннатта болсын.

Е Алла, құдіретті күшті Алла, інілерімді алдынан жарылқағайсың. Ешбір ата-ана баласының артынан қалмасын. Елімізде мұндай қасірет қайталанбасын. Қош болыңдар, бауырларым”, — деп жазды әнші.