Шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты: Қазақстанның құрамасы соңғы ойынын өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты: Қазақстанның құрамасы соңғы ойынын өткізді

Шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты: Қазақстанның құрамасы соңғы ойынын өткізді

Кеше шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты аясында Қазақстанның құрама командасы фин хоккейшілерімен кездесіп, чемпионаттың соңғы ойынында 1:4 есебімен ұтылды.

  • 15 Мамыр 2012
  • 387
Фото - Caravan.kz

Матчтың бірінші кезеңінде Андрей Шаяновтың шәкірттері қарсыластың барлық шабуылдарына төтеп бере білді. Бірақ кейінгі уақытта қарсыластар қақпашымыз Виталий Колесник төрт мәрте қапы қалдырып, алға шықты. Қазақстанның құрамасы болса, финдердің қақпасына бір-ақ шайбаны сала алды. Оның авторы — Константин Пушкарев.

Сонымен, шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты аясында Қазақстан құрамасы бір ұпайға ие болып, Бірінші дивизионға ауысты.