"Қыршын кеткен боздақтарым-ау": Каспийде қаза болған сарбаздардың жақындары марқұмдардың жетісін өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.91
  • € 499.05
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қыршын кеткен боздақтарым-ау": Каспийде қаза болған сарбаздардың жақындары марқұмдардың жетісін өткізді

"Қыршын кеткен боздақтарым-ау": Каспийде қаза болған сарбаздардың жақындары марқұмдардың жетісін өткізді

Каспийде оқу-жаттығу барысында қаза болған 14 сарбаздың қайтқанына тура бір апта өткен.

  • 1 Қазан
  • 9
Фото: Instagram/tlek__tlek82

Көпшілік оларды қайғыра еске алып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қаза болған сарбаздардың жақындары марқұмдармен бірге фото-видео жүктеп, олардың жетісін өткізіп жатқандарын жеткізген.

«Бүгін сенен айырылып қалғанымызға ат төбеліндей жеті күн өтті», — деп жазған марқұмдардың жақындарының бірі.

Қазақстандықтар әлі күнге дейін қаза болған сарбаздарға көңіл айтып, қайғылы қазана ауырлықпен қабылдағандарын жеткізіп жатыр.

«Тепсе темір үзетін азаматтар, қыршыннан қиылды», «Иманды болсын», «Жақындарына қандай қиын» деп жазды олар.