Баскетболдан «Үміт кубогы» Қазақстан чемпионатының 2-туры басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баскетболдан «Үміт кубогы» Қазақстан чемпионатының 2-туры басталды

Баскетболдан «Үміт кубогы» Қазақстан чемпионатының 2-туры басталды

Бүгін Қостанай облысындағы «Сосновый бор» шипажайында балалар үйлері мен мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасындағы «Үміт кубогі» баскетбол турнирі бойынша І Қазақстан чемпионатының 2-ші туры басталды.

  • 16 Мамыр 2012
  • 372
Фото - Caravan.kz

23 мамырға дейін созылатын бұл бәсекеге Қазақстан халық банкінің қамқорлығындағы 16 балалар үйі мен мектеп-интернатының 200-ден астам тәрбиеленушілері қатысуда. Отандық жетекші қаржы институтының дәстүрлі бұл жарысын ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ұлттық баскетбол федерациясы ұйымдастырып отыр.

Қазақстан халық банкінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2005 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп келе жатқан бұл жарыстың соңғы жылдары мәртебесін өзгерту және ҚР Спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі агенттігінің республикалық спорттық-бұқаралық жарыстар күнтізбесіне енгізу бағытында айтарлықтай жұмыс жүргізген болатын. Осының нәтижесінде, 2011 жылдың қазан айында турнирге Республикалық чемпионат мәртебесі берілді. Ал қараша айында аталмыш шипажайда 2011/2012 жылғы маусымдағы І Қазақстан чемпионатының алғашқы туры өткізілді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера