Жағажай волейболынан Қазақстанда тұңғыш рет өтетін «Ақтау Инвитэйшн» халықаралық турниріне 5 елдің спортшылар қатыспақ - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жағажай волейболынан Қазақстанда тұңғыш рет өтетін «Ақтау Инвитэйшн» халықаралық турниріне 5 елдің спортшылар қатыспақ

Жағажай волейболынан Қазақстанда тұңғыш рет өтетін «Ақтау Инвитэйшн» халықаралық турниріне 5 елдің спортшылар қатыспақ

Ақтауда 18-20 мамыр күндері жағажай волейболынан ерлер командалары арсында І «Ақтау инвеитэйшн» («Aktau Invitation») деп аталатын Азиялық халықаралық турнир өтеді.

  • 16 Мамыр 2012
  • 485
Фото - Caravan.kz


Қазақстанда биыл тұңғыш рет тұйымдастырылып отырған бұл байрақты бәсекеге жарыс қожайындарынан басқа Иран, Оман, БАӘ мен Индонезиядан спортшылар қатысқалы отыр. Онда Қазақстан-1 (Александр Дьяченко/Алексей Сидоренко), Индонезия (Даркункоро Коко/Хермава Адэ), Иран-2 (Руфи Рахман/Гхолипур Бахман), БАӘ (Хассан Ахмад/Салем Мохамед) командалары «А» тобында өнер көрсетеді. Ал Иран-1 (Фарухи Парвиз/Салах Ах-Мохаммад), Қазақстан-2 (Дмитрий Яковлев/Алексей Кушешов), Қазақстан-3 (Александр Бабичев/Серік Супағалиев), Оман (Хайтам Альшейреки/Ахмед Альхусни) «Б» тобында бақ сынамақ. Одан кейін бұл сында үздік шыққандар қарсы топта төртінші орын алғандармен, ал екінші орын алғандар қарсы топта үшінші орын алғандармен жұп құрайды. Жеңілгендер 5-7 орынға, ал жеңгендер жартылай финалда кездеседі. Жарыстың финалдық ойындары «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы арқылы трансляция жасалады деп жоспарлануда.