Семейлік Тәлімжан Тоқтасынов бильярдтың «Пул-9» түрінен де ел чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік Тәлімжан Тоқтасынов бильярдтың «Пул-9» түрінен де ел чемпионы атанды

Семейлік Тәлімжан Тоқтасынов бильярдтың «Пул-9» түрінен де ел чемпионы атанды

Бүгін Алматыда 1994 жылға дейінгі жастар арасында бильярдтың «Пул-9» түрінен ХІ Қазақстан чемпионаты өтті.

  • 17 Мамыр 2012
  • 470
Фото - Caravan.kz

Оған Алматы, Байқоңыр, Қызылорда, Қостанай, Семей, Теміртау, Шымкент қаларынан 15 спортшы қатысты. Бұл бәсекеде алматылық Абылайхан Қаранеевтен 6:3 есебімен басым түскен семейлік Тәлімжан Тоқтасынов ел чемпионы атанды. Қола жүлдені қостанайлық Михаил Точилкин меен алматылық Жұмабек Жүнісбек бөлісті.

Бұған дейін 13-15 мамыр күндері «Құрастырмалы пирамидадан» өткен Қазақстан чемпионатында Тәлімжан Тоқтасынов алтын, павлодарлық Азамат Әубәкіров күміс, 3-4 орынды бөліскен байқоңырлық Темірлан Көшеров пен теміртаулық Медет Тұяқов қола медальдің иесі атанған болатын. Ал 11-12 мамырда «Еркін пирамидан» болған дәл осындай дүбірлі додада М. Тұяқов жеңімпаз болып, шымкенттік Арман Оразалы күміс, Темірлан Көшеров пен өскемендік Диас Оспанғалиев қола жүлдені иеленген еді.