Әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан боксшылардың есімдері белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан боксшылардың есімдері белгілі болды

Әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан боксшылардың есімдері белгілі болды

Әйелдер боксынан Қытайдың Циньхуандао қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалдық ойындары басталады.

  • 17 Мамыр 2012
  • 453
Фото - Caravan.kz

AIBA-ның интернет сайтындағы мәліметтерге қарағанда, онда қазақстандық былғары қолғап шеберлерінен 2 боксшы өнер көрсететін болды. Атап айтқанда Назым Қызайбай (48кг) қытайлық Шики Хумен (Shiqi Xu), Жұлдыз Маматқұлова (+81 кг) 2010 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері үндістандық Кавитамен кездеседі. Егер бұл сында мерейлері үстем болса 19-мамырда ақтық финалда Әлем чемпионы атағына таласады.

Ширек финалдық сында Назым франциялық Лидия Боуссаддианы 23:15 (4:3, 6:3, 7:6, 6:3) есебімен айқын басымдықпен ұтты. Ал Жұлдыз украиналық Катерина Шамбирмен 3:3 (2:1, 1:2, 0:0, 0:0) есебімен теңіп түсіп, төрешілер шешімімен белсендігі үшін жарысты ары қарай жалғастыруға мүмкіндік алды. Бұл бәсекеде Марина Волнова (75 кг) ресейлік Надежда Торловаға 19:11 (4:4, 5:2, 5:3, 5:2), ал Дариға Шакимова (81 кг) американдық Франшон Греусқа 30:12 (6:4, 6:3, 8:3, 10:2) боп ұтылды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера