Джиро дИталия: «Астана» үштіктен шығып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Джиро дИталия: «Астана» үштіктен шығып қалды

Джиро дИталия: «Астана» үштіктен шығып қалды

Кеше «Джиро дИталия» суперкөпкүндігінің 12-кезеңінде Lotto командасының сапында өнер көрсететін даниялық спортшы Ларс Иттинг Бак жеңіске жетті.

  • 18 Мамыр 2012
  • 476
Фото - Caravan.kz

157 шақырымға созылған Серавецца — Сестри-Леванте қалалары арасындағы жарыс барысында, мәреге шамамен 100 шақырым қалғанда 9 адам пелотоннан қара үзіп кетті. Ұзақ тактикалық қарсыластық барысында Ларс Бак бәрінен мықты болып шықты. Екінші орынды француздық Санди Касар иеленді. Үшінші орында Андрей Амадор Бакказаков келді.

«Джиродағы» бұл жеңіс Бактың мансабындағы алғашқы жетістігі.

Бактан бөлек, ұзап кеткендердің қатарында Микель Голас та болды. Ол таулы қыраттарда бірнеше ұпай жинап, турнирдің көк жейдесін Мигель Анхель Рубианодан тартып алды.

Жалпы есепте ресейлік «Катюша» клубының көшбасшысы испаниялық велошабандоз Хоаким Родригес келеді. «Астана» сапында ең үздік көрсеткіш 4-орында келе жатқан Паоло Тиралонгода. Клубтың «Джиродағы» капитаны Роман Кройцигер 6-орынға сырғыды.

Жалпы есеп:

1. Хоаким Родригес (Испания) «Катюша» 51:19.08
2. Рюдер Хешедаль (Канада) Garmin +0.17
3. Санди Касар (Франция) FDJ +0.26
4. Паоло Тиралонго (Италия) «Астана» +0.32
5. Иван Сантаромита (Италия) ВМС +0.49
6. Роман Кройцигер (Чехия) «Астана» +0.52.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера