«Челси» - Чемпиондар лигасының жеңімпазы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Челси» - Чемпиондар лигасының жеңімпазы

«Челси» - Чемпиондар лигасының жеңімпазы

Футболдан Чемпиондар лигасының биылғы маусымында лондондық "Челси" командасы жеңімпаз атанды.

  • 20 Мамыр 2012
  • 591
Фото - Caravan.kz

Финалдық ойында лондондық команда мюнхендік «Баварияны» ұтып, өз тарихында тұңғыш рет Еуропаның ең беделді клубтық футбол турнирінің жеңімпазы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мюнхендегі «Альянс Аренада» өткен финалдық ойында лондондықтар жеңіске пенальти арқылы жетті.
Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Алдымен алаң иелері есеп ашқан. Голды соққан — «Бавария» ойыншысы Томас Мюллер. Ойын аяқталуға аз қалғанда, 88-ші минутта «Челси» шабуылшысы Дидье Дрогба есепті теңестіріп үлгерді. Ойын соңына дейін және қосымша уақыттан соң да осы есеп сақталғандықтан, кезек пенальти сериясына берілді. Пенальтиде сәттілік жолдас болған «Челси» 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера