Астанаға «Қаныпезер құбыжық» келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанаға «Қаныпезер құбыжық» келе жатыр

Астанаға «Қаныпезер құбыжық» келе жатыр

Маусым айының басында Астанада үлкен Бушидо шоу-кеші өтеді. Сол кеште қазақ батыры Төлеген Ақылбеков пен америкалық Боб Сапп төбелесетін болады.

  • 22 Мамыр 2012
  • 684
Фото - Caravan.kz

Боб Саппты көпшілік актер ретінде таниды. Ол ойнаған фильмдер де киномамандар арасында кеңінен сұранысқа ие. Атап айтқанда, «Конан-Варвар», «Үлкен Стэн», «Электра», «Қан мен сүйек» сынды картиналар. Осы туындының барлығында Боб Сапп өз қолтаңбасын қалдырған.

Дегенмен, Сапп — бірінші кезекте актер емес, спортшы, төбелескіш, ережесіз жекпе-жек мықтыларының бірі. 1974 жылы дүниеге келген. Бойы екі метрге жуық, салмағы бір жарым центнер. Алғаш рет ережесіз жекпе-жекте 2002 жылы төбелесіп, қарсыласын жеңген. Сегіз бұрышты алаңдағы жауыздығына байланысты көпшілік оны «Айуан», «Қаныпезер құбыжық» атап кеткен. Талай мәрте Бушидо рингінде атақты жапондардың өздерін бір соққымен сұлатып отырған. Шоумендігі де бар. Олай дейтініміз, спорт әлемінде «Боб кейбір қарсыластарына әдейі жеңіледі екен» деген сыбыстар еріп жүр.

Енді бұл «алып құбыжық» 8 маусым күні Астананың «Сарыарқа» велотрек кешенінде қазақтың қайсар жігіті Төлеген Ақылбековпен айқасады.

Мақала «Алаш айнасы» газетінің бүгінгі санында жарық көрді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера