Қазақстандық футболшылар Арменияның ұлттық құрамасынан ойсыра жеңілді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық футболшылар Арменияның ұлттық құрамасынан ойсыра жеңілді

Қазақстандық футболшылар Арменияның ұлттық құрамасынан ойсыра жеңілді

Кеше Ереванда Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда Армения мен Қазақстанның футболдан ұлттық құрамалары жолдастық кездесу өткізді.

  • 6 Маусым 2012
  • 484
Фото - Caravan.kz

Оған грузиялық төрешілер қазылық етті. Беренек Мирослав жаттықтыратын қазақстандықтар бұл ойында Вардан Минаясян тізгінін ұстаған алаң қожайындарына 0:3 есебімен ұтылды. Андрей Сидельников қорғаған қақпаға армяндар 3 допты алғашқы таймда-ақ енгізді. Алдымен, 6-минутта Украинаның Донецк қаласының «Металлург» командасында өнер көрсететін Геворг Казарян көзге түсті. Ал 36-минутта дубльдің авторы атанып, ойынның алғашқы жартысының аяқталуына 3 минут қалғанда Ресейдің «Краснодар» командасында ойнайтын Юра Мовсисян есепті 3:0-ге дейін жеткізді.

Екі ел құрамалары бұған дейін, нақты айтқанда 2006 жылы Еуропа чемпионаты сайысында кездескен болатын. Онда армяндар шотландиялық Ян Портерфильдің бапкерлігімен 2:1 есебімен басым түскен болатын.