«Жексенбі күні басталатын бұл байрақты бәсеке 1 шілдеге дейін созылады. Онда 16 елдің құрамасы 31 матч өткізеді. Олар Польшада — Гданьск, Познань, Варшава мен Вроцлав қалаларында, Украинада — Харьков, Донецк, Киев және Львов қалаларында болады. Ол Варшаваның Ұлттық стадионында Польша мен Грецияның ұлттық командалары арасындағы матчпен басталады», — дейді В.Осуховски. Оның айтуынша, «ЕУРО-2012» Чемпионатының басты тұмары польша-украиналық Славек және Славко атты егіздер болып табылады. Ұлттық стадионның алаңында өтетін ойынды 58 мыңға жуық жанкүйер тамашалай алады. Вроцлав пен Познаньдағы стадиондар 43 мыңнан, ал Гданьскінің PGE алаңы 42 мың жанкүйерді қабылдай алады. Польшаға келетін жанкүйерлер қожайын-қалалардағы қонақ үйлерде және олардан 2 сағаттық жердегі Быдгощ, Зелена Гура, Катовице, Лодзь, Краков сияқты қалаларда орналаса алады. Яғни Гданьскіде 200 мыңға жуық, Познаньде — 64 мың, Варшавада — 85 мың, Вроцлавте 60 мың қонақ үй орындары бар.
Жалпы Еуропа чемпионаты тұңғыш рет 1960 жылы өткен еді. «Еуропаның УЕФА кубогы» деп аталған бұл бәсекеде ақтық ойында Югославияны ұтқан Кеңес Одағының командасы жеңімпаз атанған болатын.