Бірінші ойын «Арена-Гданьск» стадионында өтті. Онда әлем мен Еуропаның қазіргі чемпиондары — Испания құрамасы 1:1 есебімен «С» тобындағы тағы да бір фаворит Италияның командасымен тең ойнады.
Бірінші таймда командалардың талпынысына қарамастан есеп ашылмады. Бірінші қауіпті сәттер 15-ші минуттарда болды. Марио Балотеллидің алаң ортасындағы қателігінен кейін испандықтар контршабуылға көшті, алайда итальяндықтарға айып добын орындау кезінде Давид Сильва қақпаға дөп түсе алмады. Өз кезегінде, итальяндық Андреа Пирлоның есепті ашуға мүмкіндігі болды, дегенмен доп қақпаға түспеді. Осыдан кейін, бірінші бөлімнің соңына қарай алаңда аздаған артықшылықпен испандықтар басым жүрді, бірақ итальяндықтардың шебер ойнауы есепті ашуға мүмкіндік бермеді. Бірінші таймда итальяндықтардың екі рет алға шығуға мүмкіндіктері болды, алайда Икер Касильяс Клаудио Маркизионың бағыттаған добын кері қайтарып үлгерсе, кейін Тиагу Мота шабуылды іске асыру мүмкіндігін жіберіп алды.
Екінші таймның басында тараптар шабуылдармен өзара алмасып, біраз қобалжытты. 58-інші минутта Чезаре Пранделли, допқа ие бола алмай қалған Марио Балотеллиді Антонио Ди Наталемен алмастырды. Кейін бұл қадам дұрыс болғандығын көрсетті. Небәрі 4 минуттан кейін Андреа Пирлоның ұтымды әрі шебер бағытталған добынан кейін Ди Натале есепті ашты.
Алайда, итальяндық жанкүйерлердің қуаныштары ұзаққа созылмады. Үш минуттан кейін испандық Сеска Фабрегастың доп соғуынан кейін есеп теңесті. Испания құрама командасының алға шығуға мүмкіндігі болды. Алаңға шыққан Фернандо Торрестің итальяндықтардың қақпасына гол соғуға 3 рет мүмкіндігі болғанымен, еш нәтиже болмады.
Ди Наталенің итальяндықтарды алға шығаруға мүмкіндігі болды. Алайда, оның да жолы болмады. Матчтың аяқталуына дейін екі команда да қауіпті шабуыладарды жасаумен болды, дегенмен есеп өзгермеді. Матчтың қортындысы 1:1 болып қалды.
Екінші ойын Познани қалалық алаңында өтті, онда Ирландия мен Хорватияның құрама командалары хорватиялық команданың пайдасына 1:3 есебімен нәтиже көрсетті.
Матчтың бірінші минуттарында хорваттар бастаманы өз қолдарына алды. Доп бұрыштан ойнатылғаннан кейін, 3-інші минутта Хорватия құрама командасының капитаны Дарио Срна айып добын орындады, доп Марио Маджукичуге түсіп, ол допты басымен қақпаға дәл түсірді.
Ирландықтар есепті теңестіру үшін біраз тер төкті. Жасаған шабуылдардың бірінде олар айып соққысын бағыттай алды. 19-ыншы минутта Эйден Макгиди допты қақпаға қарай бағыттады, ал Шон Сент-Леджер допты басымен хорваттардың қақпасына енгізді.
Алайда, бірінші таймның соңына дейін ирландықтар әбігерге салына бастаған кезде, хорваттар басып озды. 43-інші минутта Луки Модричтің допты алыстан бағыттауынан, ирландық қорғаушы селқос қимылдап, допты Никице Елавичке дәл берді. Ол өз кезегінде, қарап қалмай, допты қақпаға дөп түсірді.
Екінші таймда хорваттар басымдықтарын одан әрі көрсете бастады. 49-ыншы минутта Иван Перишич сол жақтағы флангтан айып добын орындады, мұны Марио Манджукич пайдаланып, голды қақпаға басымен соқты. Доп алдымен штангаға тиді, кейін қақпашының басына тиіп, қақпа сызығынан өтті.
Матчтың қалған уақытында екі команда да бірқатар сәттерді туғызғанымен еш нәтижеге қол жеткізе алмады. Аяғында Хорватияның құрама командасы 3:1 есебімен жеңіске жетіп, «С» тобының бірінші орнына шықты.
Бүгін «D» тобының бірінші матчтары өтеді. Донецкіде, «Донбасс Арена» алаңында Франция мен Англия құрама командалары бақ сынасады. Чемпионат Киевтің «НСК Олимпийский» алаңында Украина мен Швецияның командаларының ойынымен жал,ғаса түспек.
ҚазАқпарат футболдан өтіп жатқан «Еуро-2012» Еуропа чемпионатының күн сайынғы қорытындылармен ақпараттандыруды жалғастырады.