Қазақстанның ішкі істер органдарының 20 жылдығына арналған бұл шара бір аптаға созылды. Оған қатысушылар Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарында болды.
«Халықаралық мәртебеге ие болған бұл автожарысқа қатысқан Қазақстан, Қырғызстан, Белорус елдерінің ішкі істер органдары мен Халықаралық полицейлер қауымдастығының өкілдері күннің алғашқы жартысында қалалық ішкі істер департаментінде болды. Олар мекеме ғимараты алдында өз қызметін өтеу кезінде қайтыс болған полиция қызметкерлерге қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Салтанатты жиында қайтыс болған 12 алматылық полицейлердің жарлары, әкелері мен балаларына департамент басшысы Ерлан Тұрғымбаев грамоталар мен естелік сыйлықтар тапсырды», — дейді депаратаменттің баспасөз қызметінің бастығы Салтанат Әзірбек. Оның айтуынша, қонақтар полиция қызметкерлерінің өз күшімен қойылған мерекелік концертті және департамент музейін тамашалауға мүмкіндік алды.