Бірінші ойын Вроцлавтағы стадион алаңында өтті. Онда Чехия құрамасы Грекия командасын 2:1 есебімен жеңді. Ойын сенсациядан басталды: ойынның бірінші минуттарында Чехия бірінен соң бірі екі доп кіргізді. Осылайша, 3-інші минутта Петр Йирачек, гректердің қақпашысына қарсы шығып, Томаш Хюбшманның тамаша пасынан кейін есепті ашты. Тағы үш минут өткен соң айып алаңынан допты соққан Теодор Гебре Селасси Вацлав Пиларжға ерекшеленуге мүмкіндік берді. Ол гректердің басымдығын 2:0 есебіне дейін жеткізді. Бұл ретте 1960 жылдан бері өткізіліп отырған Еуропа чемпионаттарының бірде-бір командасы екі ойында осындай басымдыққа тез иелене алмаған еді.
Бірақ гректердің жайсыздықтары онымен аяқталған жоқ. Бірінші таймның ортасында Грекияның қақпашысы Констас Халкиас жарақат алған соң, ол Михаил Сифакимен алмастырылды. Грекия құрамасы үзіліске дейін тағы бір голды кіргізе алды. Бірақ оны ойынның бас төрешісі Стефан Ланнуамен «ойыннан тыс» болғаны үшін есептемеді.
Грекиялықтар дегендеріне екінші таймда жетті. 53-інші минутта қақпашы Петр Чех допты қабылдау кезінде қателік жіберді, оны Теофанис Гекас жақсы пайдаланып, чехтардың қақпасына кіргізді. Есепті теңестіруге қанша әрекеттенгенімен, грекиялықтар чехтардың қақпасын ала алмады. Ойын Чехия құрамасының басымдылғымен — 1:2 есебімен аяқталды.
Екінші ойын Польша астанасының ұлттық стадионында өтті, онда алаң иелері — Польша құрамасы Ресей командасымен тең ойын көрсетті. Есеп — 1:1.
Қауіпті сәттердің бірі ресейліктердің қақпасының алдында туындады. Онда Людовик Обраньяк айып алаңынан қақпашы Вячеслав Малафеевке допты соққаннан кейін, Себастьян Бениш оны басымен бағыттады. Бірақ бұл жолы ресейлік қақпашы комнаданы құтқарып қалды. 18-інші минутта поляктардың жартылай қорғаушысы Ойген Полански допты қақпаға дөп түсірді, бірақ, ресейліктердің қуанышына қарай, арбитр оны офсайд деп таныды.
Дегенмен, ресейліктер матчта есепті бірінші болып ашты. 37-нші минутта Андрей Аршавиннің пасымен жартылай қорғаушы Алан Дзагоев поляктар қақпасына допты басымен бағыттады. Қақпашы Пшемыслав Тытонь оған төтеп бере алмады. А.Дзагоев үшін бұл гол Еуро-2012-дегі үшіншісі болды және ол жартылай қорғаушыға шабуылдаушылардың тізімінде алға шығуға мүмкіндік берді.
Екінші тайм поляктардың шабуылымен басталды. 46-ншы минутта Роберт Левандовский айып алаңына кіріп, қақпашыға бағытталды, бірақ ресейлік қақпашы қырағылығын көрсетті. Дегенмен, 10 минуттан кейін Якуб Блащиковский Юрий Жирковтан айналып өтіп, допты айып сызығынан бағыттап, есепті теңестірді.
Бұдан кейін ойын байсалдық жағдайда өтті. Нәтижесінде Ресей мен Польша тең ойын көрсетті — 1:1.
Бүгін «В» тобындағы екінші кезеңнің матчтары өтеді. Львовта Дания мен Португалия құрамаларының кездесуі өтеді. Чемпионат Харьковта да жалғасады, онда Голландия мен Германияның командалары ойнайды.
ҚазАқпарат өз оқырмандарын футболдан «Еуро-2012» Еуропа чемпионатының күн сайынғы нәтижелерімен ақпараттандыруды жалғастырады.