Футбол: Қазақстан - Латвия. Есеп - 0:0 - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: Қазақстан - Латвия. Есеп - 0:0

Футбол: Қазақстан - Латвия. Есеп - 0:0

ЕУРО - 2013 U-21 (21 жасқа дейінгі) чемпионатының іріктеу турнирі аясында кездескен Қазақстан мен Латвияның жастар құрамалары кешегі ойында тең түсті.

  • 13 Маусым 2012
  • 440
Фото - Caravan.kz

«Астана-Арена» стадионында өткен кездесуде қазақстандық футболшылардың басымдығы байқалды. Сергей Лисенков латвиялық қақпашы Артур Вайчулиспен екі мәрте бетпе-бет кездесті. Бауыржан Жолшиев, Виктор Дмитриенко, Алексей Щеткин мен Дмитрий Шомконың соққылары да қарқынды болды. Дегенмен, барлық шабуылдар діттеген мақсатқа жете алмады. Ойынның қорытындысы — 0:0.

Осылайша, Қазақстан құрамасы алты кездесудің үшеуінде жеңіліп, үшеуінде тең түсті. Біздің қоржынымызда — үш ұпай. Латвия футболшылары болса, соңғы орында қалды. Бірақ осы ойыннан кейін бір ұпайға ие болды. Қыркүйектің 7-сі күні біздің команда латвиялықтармен тағы бір ойын өткізбек.

2013 жылғы U-21 Еуропа чемпионатының ақтық сындары Израильде өтеді. Қазіргі іріктеу турнирінде әлемнің 52 командасы қатысуда. Олар он топқа бөлінген. Әрбір топтың жеңімпаздары, сондай-ақ екінші орынға ие болған үздік төрт команда финалға жолдама алады. Олар жеті жұп болып өзара күш сынасатын болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера