Еуро-2012 күнінің қорытындысы: Дания - Португалия - 2:3, Голландия - Германия - 1:2 - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуро-2012 күнінің қорытындысы: Дания - Португалия - 2:3, Голландия - Германия - 1:2

Еуро-2012 күнінің қорытындысы: Дания - Португалия - 2:3, Голландия - Германия - 1:2

Футболдан «Еуро-2012» Еуропа чемпионатының алтыншы күнінде ойындар Львов пен Харьков стадиондарында өтті.

  • 14 Маусым 2012
  • 516
Фото - Caravan.kz

Онда «В» тобындағы екінші кезең матчтарын Дания мен Португалия, сондай-ақ Голландия мен Германия құрамалары өткізді.

Бірінші ойын «Арена Львов» стадионында өтті, онда Португалияның құрамасы Дания командасынан 3:2 есебімен басым түсті.

Бірінші голды португалиялықтар 24-інші минутта соқты. Криштиану Роналдуның бұрыштан берген добын мадридтык «Реалдың» ойыншысы Пепе даниялықтардың қақпасына кіргізді. 37-нші минутта португалиялықтар басымдықтарын арттырып, ойындағы екінші допты кіргізді. Бұл жолы Нанидің он жақ қапталдан әдемі берген добын қарсыластардың қақпасына дәл түсірген Элдер Поштига ерекшеленді.

Шамамен бес минуттан кейін даниялықтар жауап берді. 42-нші минутта Микаэляь Крон-Делидің пасынан кейін шабуылдаушы Никлас Бендтнер допты қақпаға дөп түсірді. Нәтижесінде бірінші тайм 2:1 есебімен, португалиялықтардың пайдасына аяқталды.

Екінші таймда Португалия құрамасы басымдығын арттыру үшін көптеген жақсы сәттерге ие болды, алайда оларды пайдалана алмады. Өз тарапынан Дания құрамасының ойыншылары мүмкіндікті жібермей, 80-інші минутта есепті теңестірді. Сол жақ қапталдан Ларс Якобсеннің берген добын шабуылдаушы Никлас Бендтнер португалиялық құраманың қақпасына допты екінші рет басымен кіргізді.

Алайда португалиялықтарға тек жеңіс керек болды. Оның жақсы сәті де түсті. 87-нші минутта сол жақ қапталдан берілген допты Силвестр Варела сол аяғымен қабылдай алмай қалды, бірақ кейін он аяғымен сенімді түрде допты Стефан Андерсеннің қақпасына кіргізді. Нәтижесінде Португалия 3:2 есебімен жеңіске жетіп, чемпионатта плей-офқа түсу үшін күреске қосылуға мүмкіндік беретін бірінші ұпайларды жинады.

Екінші ойын Харьковтың «Металлист» стадионында өтті, мұнда Германия құрамасы Голландияны 2:1 есебімен жеңді.

Бірінші кезеңде голландиялықтар белсенділік танытып, бірнеше қауіпті сәт туғызды, бірақ оларды пайдалана алмады. Өз кезегінде Германия құрамасының ойыншылары күштерін сақтап, контршабуылдарға кейде ғана жауап беріп отырды. Олардың біреуінде немістер голландиялықтардың қақпасын бұза алды, 24-інші минутта Бастиан Швайнштайгерден допты қабылдаған Марио Гомес қақпашымен бірге-бір шығып, допты қақпаға салды.

Голландиялықтардың есепті теңестіруге бірден мүмкіндік алды, алайда неміс қақпашысы Арьен Роббеннің соққысын сенімді қабылдады. Бұдан кейін немістер қарсыластарының қақпасына прессингті ұйымдастырды. 37 минутта, айып добы берілген соң қорғаушы Хольгер Бадштубер жақын жерден допты басымен соқты, бірақ Мартен Стекеленбург өз қақпасын қорғай алды. Дегенмен, бір минуттан кейін Марио Гомес голландиялықтардың қақпасына екінші допты бағыттағанда ол дәрменсіз болды.

Екінші таймда Нидерланды құрамасының бас жаттықтырушысы Берт ван Марвейк алаңға Рафаэль ван дер Варт пен Клас-Ян Хунтелаарды жіберді. Олар Ибрагим Афеллай мен Марк ван Боммельді алмастырды. Бірақ немістер тағы бір қауіпті сәтті туғызды. 52-ші минутта қорғаушы Матс Хуммельс қақпаға допты екі рет кіргізбекші болды, бірақ М.Стекеленбург өз командасын құтқара алды.

72-нші минутта алаңнан Марио Гомес кетіп, немістер бірден допты жіберіп алды. Робин ван Перси допты қапталдан қабылдап, ортаға өтіп, он аяғымен жақсы соққы жасады. Доп немістің қақпашысы Х.Бадштубердің екі аяғынының арасымен өтіп, үлкен жылдамдықпен Германия құрамасының қақпасына кірді. Барынша күш салғандарына қарамастан, голландиялықтар есепті теңестіре алмады.

Нәтижесінде Германия қатарынан екінші рет жеңіске жетті.

Бүгін «С» тобындағы екінші турдың ойындары өтеді. Познаньда Италия мен Хорватияның кездеулері өтеді. Чемпионат Гданьскте жалғасады, онда Испания мен Ирландия құрамалары ойнайтын болады.

ҚазАқпарат өзінің оқырмандарын Футболдан «Еуро-2012» Еуропа чемпионатының күнделікті қорытындыларымен ақпараттандыруды жалғастырады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера