Бірсарынды басталған ойында ағылшындықтар басымдықпен допқа ие болғанымен швед қақпасына айтарлықтай қауіп төндірген жоқ. Дегенмен де ойынның 23 минутында ағылшын футболшысы Энди Кэрролл есеп ашты. Осыдан кейін-ақ ойынға жан біткендей көрінгенімен, бірінші таймның соңына дейін екі құрамаға да қауіпті сәттер туындай қоймады.
Екінші таймда шведтіктер есепті теңестіруге мүмкіндік алып, қақпаға тақау тұстан айып добын соқты. Футболшылардың біріне тиіп кері қайтқан допты Олоф Мелльберг қақпаға бағыттады. Осы сәтте допты тосып алып, кері теппек болған Глен Джонсон бәрін құртты. Автогол. Есеп — 1:1. 59-шы минутта шведтіктер есепті еселей түсті. Себастьян Ларссон берген әдемі пасты тамаша пайдаланған Мелльберг баспен допты қақпаға бағыттаған еді. Араға 5 минут уақыт салып, ағылшындар есепті теңестірді. Ал 78-ші минутта Дэниэл Уэлбек жеңіс добын соқты.
Бүгін «А» тобындағы кездесулер өтеді. Вроцлав қаласында Чехич мен Польша, ал Варшавада Грекия мен Ресей құрамалары жасыл алаңға шығады.