Республикамыз мұндай әлемдек ауқымдағы жарыстарды екінші рет өткізбек, бұл ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясы тарапының сенімін көрсетеді.
Жартылай финал 2-4 шілде аралығында «Думан» қонақүйінде болады. Ақтық мәре 6-10 шілде аралығында «Radisson» қонақ-үйінде өз мәресіне жетеді.
Жартылай финалға әлемнің түкпір-түкпірінен келетін 200-ден астам шахматшы қатысады деп күтілуде. Жарыстың ақтық мәре кезеңіне жедел шахмат және блиц бойынша әлем чемпионының мәртебесін иемдену мәртебесін алуға 16 ойыншыдан қатысады — 11 халықаралық гроссмейстер, жартылай финалдың 3 жеңімпазы мен Қазақстанның ең күшті деген 2 өкілі бақ сынайды деп жоспарлануда.