Боксшы Марина Вольнова - Лондон Олимпиадасына лицензия алған төртінші қызылордалық спортшы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Боксшы Марина Вольнова - Лондон Олимпиадасына лицензия алған төртінші қызылордалық спортшы

Боксшы Марина Вольнова - Лондон Олимпиадасына лицензия алған төртінші қызылордалық спортшы

Боксшы Марина Вольнова Лондон Олимпиадасына лицензия жеңіп алған қызылордалық төртінші спортшы атанды.

  • 18 Маусым 2012
  • 597
Фото - Caravan.kz

Сыр бойынан шыққан саңлақты Ойындарға қатыстыру жөніндегі шешімді сенбі күні Халықаралық олимпиялық комитеттің Лозаннадағы комиссиясы қабылдады. Мамандар 2010 жылы Азия чемпионы болған Маринаның биылғы мамырда Қытайда өткен әлем чемпионатында да жаман өнер көрсетпегенін айтады. Онда 75 келіге дейінгі салмақта күш сынасқан спортшы 1/8 финалда голландиялық Ноучка Фонтиунды 11:10 етіп ұтып, ширек финалда ресейлік әлем чемпионы Надежда Торлоповаға 11:19 есебімен жол беріп алған еді. Кейін Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Вадим Присяжнюк өз шәкіртінің ұрысқа тізе жарақаты толық жазылмай тұрып қатысқанын, соның негізінде өз деңгейінде өнер көрсете алмағанын жеткізді. Ал Бейжіңде қазақстандық Саида Хасенованың Лондонға жолдама алғаны белгілі болған кезде біздің елімізге Олимпиялық комитеттің шешімімен тағы бір жолдаманың берілуі мүмкін екені де сөз болған. Сол кезде-ақ оның иесі М.Вольнованың болып қалуы ықтимал екеніне де болжам білдірілген. Енді, міне, сол болжам тура келді.

Марина Вольнова — Қызылорда облысы Қазалы ауданының тумасы. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқиды. Оның еліміздің атынан Ұлыбританияға баратын басқа ұлт өкілдерінен бір айырмашылығы, мемлекеттік тілде сөйлеген кезінде, жергілікті қазақтардың өзін жаңылдырады.Қызылорда облысы спортшылары арасында бұған дейін мұндай лицензияларға еркін күрес шебері Дәулет Ниязбеков, ауыр атлеттер Илья Ильин мен Алмас Өтешов қол жеткізген болатын. Ал тағы бір зілтемірші Александр Зайчиков Олимпиадаға баратын құраманың резервінде тұр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера