Мүгедек-спортшылардың арасында қоларбада отырып билеуден еліміздің екінші чемпионаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүгедек-спортшылардың арасында қоларбада отырып билеуден еліміздің екінші чемпионаты өтеді

Мүгедек-спортшылардың арасында қоларбада отырып билеуден еліміздің екінші чемпионаты өтеді

22-24 маусымда Қостанайда «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық акциясы аясында мүгедек-спортшылардың арасында қоларбада отырып билеуден Қазақстан Республикасының екінші чемпионаты өтеді.

  • 18 Маусым 2012
  • 474
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан мүгедектері конфедерациясы» РҚБ президенті Жанат Омарбекова мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, 2010 жылы қоларбада отырып билеу Қазақстанның паралимпиада ойындарының республикалық тізіміне енгізілді. Бұл спорт түрінің басты қиындығы — биші қоларбада отырып, қиын іс-қимылдарды орындауға машықтануы. Биылғы чемпионат өткен жылы Қостанайда болған шараның жалғасы.

Чемпионатта еліміздің өңірлерінен 14 қатысушы жұп өз өнерлерін көрсететін болады. Жарыс «Комби», «Дуэт», «Соло» қоларбада билеу халықаралық федерациясының ережесі бойынша өтеді.

Жобаны «Нұр Отан» ХДП, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, «Қазақстан мүгедектері конфедерациясы» РҚБ ұйымдастырып отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера