Португалдықтар 1:0 есебімен Чехияны жеңіп, Еуропа чемпионатының жартылай финалына өтті.
Бірінші таймда чехтар, барынша тырысқандарымен Португалияның құрама командасы басымдық танытты.
Таймның ортасында Криштиану Роналду Петр Чехпен бетпе-бет келді. Алайда Чехия қақпашысы өзінің қақпасын қорғап қалды, дегенмен кейінірек тәртіптің бұзылғандығы анықталды. Үзіліске дейін К. Роналдудың есеп ашуға мүмкіндігі болғанымен, Михайл Билек әбжілдік танытып, допты қағып әкетті. Нәтижесінде бірінші таймда есеп ашылмады.
Ойынның екінші бөлігінің басында португалдықтар допқа иелік етуге көшті. Португалия құрама командасының капитаны гол соғудың аз-ақ алдында тұрғанымен, еш нәтиже болмады. Чехияның құрама командасы баяу ойнап, кей кездерде шабуыл жасағанымен, олар сәтсіз аяқталып жатты.
Ойынның аяқталуына 10 минут қалғанда әйгілі футболшы Криштиану Роналду «Еуро-2012» чемпионатындағы 3-ші голын соқты. Ол бомбардирлер жарысында Дзагоев, Манджукич және Гомеспен қатар келе жатқан ойыншы. Жуан Моутинью бағыттаған допты К. Роналду чехтардың қақпасына дәл кіргізді.
Ойынның 80-ші минутында болған голдың арқасында, португалдықтар жартылай финалға шықты. Олардың қарсыластары Франция мен Испания матчынан кейін белгілі болады.
23 маусымда екінші ширек финал матчында Германия мен Греция командалары кездеседі.