Еуро-2012 чемпионатының екінші ширек финалындағы нәтижелер: Германия Грекияны 4:2 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуро-2012 чемпионатының екінші ширек финалындағы нәтижелер: Германия Грекияны 4:2 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты

Еуро-2012 чемпионатының екінші ширек финалындағы нәтижелер: Германия Грекияны 4:2 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты

Гданск қаласында футболдан Еуропа чемпионатының екінші ширек финалында «В» тобының жеңімпазы Германия мен «А» тобында екінші орын алған Грекия құрамалары арасындағы ойын біршама тартысты өтті.

  • 23 Маусым 2012
  • 458
Фото - Caravan.kz

Немістер гректерді 4:2 есебімен ойсырата ұтып, Еуропа чемпионатының жартылай финалында өнер көрсететін екінші құрама атанды.

Бірінші таймда, алдын ала болжамдар бойынша, ойын тізгінін Германия құрамасы өз қолына алды. Тіпті 6 минутта-ақ жартылай қорғаушы Андре Шюррле қарсыластар қақпасына бір доп тоғытып үлгерді, алайда оны төреші офсайд үшін есепке алмады. Оның үстіне дәл осы эпизодта Грекия қақпашы Михаил Сифакис жарақат алып, ойын бойы осы келеңсіздік те өзінің кері әсерін тигізді.

37-минутта Бастиан Швайнштайгер айып алаңының сыртынан тепкен допты М. Сифакис кері қайтара алды, алайда неміс құрамасының ойыншылары қайтара соққы жасауға үлгермеді.

Дегенмен, немістер ойынның 39-минутында осы ойындағы алғашқы доптарын салды. Команда капитаны Филипп Лам айып алаңында допты қағып алып, қақпаның алыс бұрышына қарай қатты соқты. Есеп 1:0.

Екінші таймда Грекия есепті теңестірді. 55-минутта Георгиос Самарас Германия қақпасынан саңылау тапты. Есеп 1:1.

Дегенмен 61 минутта немістер шабуылын үдетіп, Жером Боатенг айып алаңына асырған допты барлығынан биікке секірген Сами Хедира басымен қақпаға тура бағыттай алды, сөйтіп есеп 2:1 болды.

Шамамен 6 минуттан соң Германия құрамасы тағы бір жойқын шабуыл ұйымдастырып, есепті еселей түсті. Бұл жолы Мирослав Клозе көзге түсті, есеп 3:1.

Ал 75 минутта есептегі ара қашықтық одан сайын алшақтай түсті. Тағы да М. Клозе қақпашымен бетпе-бет кездесіп, шірене тепкен добы М. Сифакиске тиіп кері ұшты. Сол кезде жеткен Марко Ройс аяғының ұшымен гректердің қақпасының торын тағы да бүлк еткізді.

90-минутта Ж. Боатенг өз айып алаңында қолымен ойнап кеткені үшін төреші Германия қақпасына пенальти белгіледі. Димитрис Салпингидис қақпашыны оңай алдап, допты қақпаға туралай алды — 4:2.

Бүгін Донецк қаласында Испания мен Франция құрамалары кездеседі.

ҚазАқпарат өз оқырмандарын футболдан «Еуро-2012» Еуропа чемпионатының қорытындылары туралы күнделікті ақпараттандырып отырады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера