Футбол: «Ақжайықтың» шабуылшысы И.Зенькович жетінші добын соқты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: «Ақжайықтың» шабуылшысы И.Зенькович жетінші добын соқты

Футбол: «Ақжайықтың» шабуылшысы И.Зенькович жетінші добын соқты

24 маусым күні футболдан Қазақстан чемпионаты премьер-лигасы командалары арасында екінші айналымның ойындары басталды.

  • 25 Маусым 2012
  • 414
Фото - Caravan.kz

Оралдың «Ақжайығы» кезекті матчын Атырауда жергілікті «Атыраумен» өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. 55-минутта беларусь Игорь Зеньковичтің добы ойын тағдырын шешті (бұдан кейін де оралдық шабуылшының есепті еселейтіндей тамаша мүмкіндігі болды, алайда ол қақпашымен бетпе-бет шығып, дәл көздей алмады). Сөйтіп, биылғы маусымдағы жетінші голын соққан И.Зенькович бұл жөнінен мергендер көшін бастап келе жатқан «тобылдық» Бауыржан Жолшиевпен теңесті.

Бұл турдан кейін 25 ұпай жинаған «Ақжайық» бұрынғысынша үшінші орында келеді. Дегенмен оралдықтардың екінші орындағы ел чемпионы «Шахтермен» ұпайы бірдей болса, көш басындағы Қостанайдың «Тобылында» 27 ұпай бар.

1 шілде күні өтетін кезекті турда «Ақжайық» өз алаңында Қазақстан құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек жаттықтыратын «Астананы» қабылдайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера