Онда «D» тобының жеңімпаздары — Англия құрамасы мен «С» тобында екінші орын алған Италия командасы жарысты.
Командалар негізгі және қосымша уақыттарда бірде-бір гол соға алмады, сондықтан, пенальти сериясы тағайындалды. Нәтижесінде, Англия командасын 4:2 есебімен жеңген Италия құрамасы Еуропаның футбол бойынша чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Ойынның бірінші минуттарында командалар қауіпті сәттермен алмасты. Даниэле Де Россидің штангаға соққысына Рой Ходжсонның қамқорлығындағылар Дэниэль Уэлбектің соққысымен жауап берді. Бұл сәтте өз қақпасын Джанлуиджи Буффон қорғап қалды.
Джо Хартқа шамасы келмеген Марио Балотелли бірнеше жақсы сәттерді жіберіп алды. Өз кезегінде Англия құрамасы Италияға жылдам шабуылдармен жауап берді. Бірінші таймда ойынның есебі ашылмады.
Ойынның екінші жартысында командалар шабуылдарын ұйымдастыруды жалғастырды. 90 минут ойынның нәтижесінде ойыншылар есепті өзгерте алмады. Және бұл чемпионатта ойын алғаш рет қосымша уақытпен жалғасты.
Экстра-таймның бірінші 15 минутында ең қауіпті сәт Англия құрамасының қақпасы жанында туындады. Алессандро Диамантидің добы Джо Харттың қақпасының штангасына тиді.
Қосымша уақыттың соңында итальяндықтар қақпаға допты кіргізе алды, бірақ ойынның бас төрешісі, португалдық Педру Проэнса оны офсайд үшін есептеген жоқ. Қорытындыда соңғы жолдаманың иегері ойыннан кейінгі пенальти топтамасында анықталды.
Чезаре Пранделли тәрбиеленушілері пенальти барысында 4:2 есебімен жеңіске жете алды, сол арқылы соңғы жартылай финалға шығушылар аталды. Енді олар ширек финалда Грекияны 4:2 есебімен жеңген Германия құрамасына қарсы ойнайды. Жартылай финалда сондай-ақ, Испания мен Португалия құрамалары кездеседі.
ҚазАқпарат өз оқырмандарын футболдан «Еуро-2012» Еуропа чемпионатының нәтижелерімен ақпараттандыруды жалғастырады.