Қазақстандық жағажай волейболшылары Құрлықтық кубоктың қола жүлдегері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жағажай волейболшылары Құрлықтық кубоктың қола жүлдегері атанды

Қазақстандық жағажай волейболшылары Құрлықтық кубоктың қола жүлдегері атанды

Қытайдың Фучжоу қаласында 20-24 маусым күндері жағажай волейболынан Құрлықтық кубоктың ойындары өтті.

  • 25 Маусым 2012
  • 491
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның әйелдер құрамасы болса, Олимпиада ойындарының жолдамасын ұтып алудан әлі үміт үзген жоқ. Индонезия (3:2), Вьетнам (3:1), Тайланд (1:0) спортшыларынан басым түсіп, австралиялықтарға ғана (0:3) есе жіберген олар Құрлықтық кубоктың қола жүлдегері атанды. Енді қазақстандықтар Мәскеуде өтетін Құрлықаралық кубоктың ақтық кезеңінде бақ сынап көрмек. Ал ерлер құрамасы үздік бестіктің қатарына енді. Бұл көрсеткішпен олар Лондондағы ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігінен толық айырылды.

Бұл байрақты бәсекеде ерлер сынында 14 елден 28 жұп, ал әйелдер арасында 13 елден 26 жұп өнер көрсеткен болатын. Ел намысын Татьяна Машкова, Ирина Цымбалова, Бақытгүл Самаликова, Любов Богату және Алексей Сидоренко, Александр Дьяченко, Дмитрий Яковлев, Алексей Кулешов қорғады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера