УЕФА «Еуро-2012» финалының төрешісін айқындады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
УЕФА «Еуро-2012» финалының төрешісін айқындады

УЕФА «Еуро-2012» финалының төрешісін айқындады

«Еуро-2012» финалдық матчында Испания мен Италия арасындағы тартысты ойынның бас төрешісі португалдық арбитр Педро Проэнса болады.

  • 1 Шiлде 2012
  • 496
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында УЕФА таратқан ресми баспасөз мәлімдемесінде айтылған.

Айта кетерлігі, Проэнса «Еуро-2012»-де үш ойынға төреші болған еді. Яғни олардың қатарында Испанияның да, Италияның да қатысуындағы ойындар бар. Мәселен, Испания-Ирландия арасындағы ойында испандықтар 4:0, ал Англия-Италия арасындағы ойында итальяндықтар пенальтиде 4:2 есебімен басым түскен еді.

Педро Проэнса үшін Италия мен Испания арасындағы ойын маусымдағы екінші ірі ақтық ойын болып саналады. Өйткені ол 19 мамырда Чемпиондар лигасының финалында мюнхендік «Бавария» мен лондондық «Челси» окмандалары арасындағы ойында бас төреші болды.

Бүгін Астана уақыты бойынша 00:45-те «Еуро-2012» финалында Испания мен Италия құрамалары Киевтеге «Олимпийский» стадионында кездеседі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера