Жарыс қорытындысында жартылай финалда ғана біріншілік жеңімпаз атанған Ақтөбе облысының командасына есе жіберген Алматының «Қайраты» 3-орын үшін өткен финалда Павлодар облысысың командасымен ойынның негізгі уақытында 2:2 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 4:1 есебімен жеңіске жетті. Ал ақтық сында Қарағанды облысының командасымен 0:0 есебімен тең түсіп, пенальтиден 4:2 есебімен басым түскен ақтөбеліктер ел чемпионы атанды. Өзге облыстың командаларынан қостанайлықтар — бесінші, оңтүстікқазақстандықтар — алтыншы, атыраулықтар — жетінші, жамбылдықтар — тоғызыншы, алматылықтар — оныншы, маңғыстаулықтар — он бірінші, ақмолалықтар — он екінші орынды қанағағат тұтты. Сондай-ақ Алматы қаласынан Никита Савенков — үздік қақпашы, Ақтөбе облысынан Батырбек Каримов — үздік қорғаушы, Рүстем Нұрманов турнирдің үздік ойыншысы, Қарағанды облысынан Роман Блошицин — үздік жартылай қорғаушы, Пауруз Жан-Али — үздік шабуылшы, Павлодар облысынан Евгений Массим — үздік бомбардир деп танылды.