ЛОНДОН ОЛИМПИАДАСЫ: Тұманды Альбионда теннистен Қазақстан намысын үш споршы қорғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЛОНДОН ОЛИМПИАДАСЫ: Тұманды Альбионда теннистен Қазақстан намысын үш споршы қорғайды

ЛОНДОН ОЛИМПИАДАСЫ: Тұманды Альбионда теннистен Қазақстан намысын үш споршы қорғайды

Биылғы жылдың басты оқиғасы - Ұлыбритания астанасы Лондонда өтетін ХХХ жазғы олимпиадасы ойындарының басталуына 18 күн қалды.

  • 9 Шiлде 2012
  • 704
Фото - Caravan.kz

«ҚазАқпарат» агенттігі дәстүрлі түрде аптаның әр жексенбісінде осы айтулы спорттық шарада Қазақстанның намысын қорғайтын спортшыларды таныстыруды жалғастырады. Осы жолы теннистен ұлттық құраманың үш мүшесі жайында мәліметтерді жарияламақпыз.

Атап айтқанда, құрама Михаил Кукушкин, Ярослава Шведова және Галина Воскобоева сынды теннисшілерден жасақталды. Осы орайда біздің спортшылардың мүмкіндіктерін «Дэвис кубогіндегі» капитанымыз, сондай-ақ «Team Kazakhstan» академиясының директоры Диас Досқараев былай деп бағалады.

Михаил Кукушкин_каз Михаил Александрович Кукушкин 1987 жылдың 26 желтоқсанында Ресей Федерациясының Волгоград қаласында дүниеге келген. Ол алғаш рет теннис ракеткасын алты жасында қолға алған. Алайда, ол жасөспірімдер турнирлеріне қатысып көрмеген. 2005 жылдан бастап фьючерс арасында ересектер турнирлерінде ойнай бастады. 2008 жылдың жазынан Михаил Ресейден Қазақстанға келіп, еліміздің азаматтығын алды. Осы жылдың күзінде ол Дэвис Кубогінде Қазақстан атынан сайысқа түсіп, команда сол сайыста филиппиндіктерді 5-0 есебімен ұтты. Содан бері ол Дэвис Кубогінің алты матчында он кездесудің тоғызын жекелей жеңді. 2010 жылдың қазанында М. Кукушкин өзінің карьерасында алғаш рет ATP турнирінде абыройлы болды.

«Жыл басында Михаил Австралиядағы ашық чемпионатта ерекшеленіп, төртінші айналымға дейін жетті. Кейіннен ол басқа да турнирлерде жақсы ойын өрнегін көрсетті, бұл Михаилдің Олимпиадаға жолдама алуына және рейтинг бойынша өсуіне ықпал етті. Ол үшін бастысы, сәтті жеребе тарту. Қазіргі кезде әлемдегі бесінші ракетка Давид Феррермен бір бөлімде болу қиынға түседі. Себебі ол бүгінде өте жақсы нәтижелерді көрсетіп жатыр. Немесе Энди Роддик те өте қауқарлы спортшылардың бірі. Енді Кукушкиннің жартылай финалға өтіп, медаль ұтуына жеребе тартудың нәтижесі ықпал етеді»,- деді Д. Досқараев.

Ярослава Шведова_каз Келесі жолдама Ярослава Вячеславна Шведоваға (1987 жылы 12 қыркүйекте Мәскеуде туған) тиесілі. Оның әкесі — Вячеслав Шведов жеңіл атлетикадан белгілі жаттықтырушы, ал анасы — Нұрзия Багманова 10 шақырымға жүгіруден әлем чемпионы. Ярослава 2008 жылға дейін Ресей атынан шығып жүрді. Ол «Үлкен дулығаның» екі турнирінде әйелдер арасындағы Уимблдон және Юс Оупен жұпты разрядында жеңімпаз атанды. Сонымен қатар әйелдердің жұпты разрядында әлемнің төртінші ракеткасы атанды және WTA-ның жеті турнирінде жеңіске жетті.

«Ярослава Шведова бізге тосын сыйлық жасады. Себебі ол жылды екі жүзінші позициядан бастаған еді. Енді қысқа мерзімде халықаралық рейтингте сексенінші позицияға көтеріле алды. Франциядағы ашық чемпионат Олимпиада ойындарына қатысу үшін барлық теннисшілерге соңғы мүмкіндік болған еді. Ярославаның француздық «Ролан Гарростың» ширек финалына шығуы, оның Олимпиадада ойнауына жол ашты. Осы турнирден кейін рейтинг жабылды. «Ролан Гарростың» ширек финалына өту — бұл үлкен жетістік», -деп атап өтті Д. Досқараев.

Галина Воскобоева_каз Галина Олеговна Воскобоева 1984 жылы 18 желтоқсанда Мәскеуде дүниеге келген. Ол теннис кортына алты жасынан бастап келді. Галина кәсіби теннистің сапында 2002 жылдан бері қатысып жүр. Ол Ресейдің спорт шебері, жұпты разрядта WTA турнирлерінің үшеуінде жеңісті болды, сондай -ақ 2011 жылы Сеуілде WTA турнирінің финалшысы.

«Галина Воскобоева шабуылшы теннисте ойнайды, яғни жайпақ соққылар жасайды. Оған қазір екі мачты қатарынан жоғары деңгейді өткізу қиынға түседі. Бүгінде Галинаны ешқандай жарақаттар мазалап жүрген жоқ»,-дейді Дэвис кубогінің капитаны.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера