«Азия балалары» V Халықаралық спорттық ойындары күнінің жеңімпаздары - тайландтықтар, қазақтар және мәскеулік азаматтар - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Азия балалары» V Халықаралық спорттық ойындары күнінің жеңімпаздары - тайландтықтар, қазақтар және мәскеулік азаматтар

«Азия балалары» V Халықаралық спорттық ойындары күнінің жеңімпаздары - тайландтықтар, қазақтар және мәскеулік азаматтар

Кеше елордада кедергілері бар 100 метрге жүгіру және ұзындыққа секіруден жеңіл атлетикалық жарыстар (бойжеткендер мен бозбалалар) басталды.

  • 12 Шiлде 2012
  • 582
Фото - Caravan.kz

Алдын ала жүгірулерден кейін бір сағат өткен соң ақтық жарыстар өткізілді, деп хабарлайды «Азия балалары» V Халықаралық спорттық ойындарының баспасөз қызметінен.

«Тамаша ойындар. Мен Азия мен Мәскеудің үздік спортшылары шыққан жарыстардың жеңімпазы атанғаныма өте қуаныштымын», — деді журналистерге ақтық жарыстың жеңімпазы Екатерина Тропина.

Қарағанды қаласынан келген Виталий Земс қарсыластарына алдын ала жарыста да, ақтық жарыста да жеңіске жетуге ешқандай үміт бермеді.

3000 метрге жүгіру бойынша ақтық жарыста мәскеулік Анна Кузнецова алғашында үшінші, сосын екінші болып жүгіріп, мәреде бәрінен озды.

Эстафеталық жүгірудің екеуін де (4х100, бойжеткендер мен бозбалалар) Таиланд құрамасы жеңді. Ол және Қазақстанның құрамасы табыстарын ерекше мерекелеп, соның барысында журналистер үшін фотосессия өткізді. Ал ұзындыққа секіруден мәскеулік Анастасия Гаджиева (5.83) мен Александр Носкевичке (6.62) тең келетін ешкім болмады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера