Футбол: бүгін Қазақстанның үш клубы Еуропа лигасы аясындағы кезекті іріктеу матчтарын өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: бүгін Қазақстанның үш клубы Еуропа лигасы аясындағы кезекті іріктеу матчтарын өткізеді

Футбол: бүгін Қазақстанның үш клубы Еуропа лигасы аясындағы кезекті іріктеу матчтарын өткізеді

Бүгін Қазақстанның футбол клубтары - «Ақтөбе», «Ордабасы» және «Жетісу» командалары Еуропа лигасы аясындағы кезекті іріктеу матчтарын өткізеді.

  • 12 Шiлде 2012
  • 473
Фото - Caravan.kz

Осы жолғы кездесулер Қазақстанда өтеді. Атап айтқанда, «Ақтөбе» өз алаңында Грузияның «Торпедосын» (Кутаиси қ.) қабылдаса, «Жетісу» поляктардың «Лех» атты командасымен кездесетін болады. Ал «Ордабасы» Сербияның «Ягодинасымен» тағы бір мәрте күш сынасып көрмек.

Айта кетейік, шілденің 5-сі күні осы командалар сырт алаңда кездескен еді. Сол кезде «Ордабасы» «Ягодинаны» 1:0 есебімен жеңсе, «Ақтөбе» мен «Торпедо» (1:1) тең түсті.
«Жетісулықтар» болса, «Лех» командасынан 0:2 есебімен ұтылған болатын.

Бүгінгі барлық матчтар «Ел арнадан» (17:50 — «Жетісу» — «Лех», 19:55 — «Ордабасы — Ягодина», 23:45 — «Ақтөбе — Торпедо») көрсетіледі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера