УЕФА Еуропа лигасы: «Ақтөбе» екінші айналымға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
УЕФА Еуропа лигасы: «Ақтөбе» екінші айналымға шықты

УЕФА Еуропа лигасы: «Ақтөбе» екінші айналымға шықты

Кеше өз алаңында Грузияның «Торпедо» (Кутаиси қаласы) командасын қабылдаған «Ақтөбенің» футболшылары өз қарсыластарын жеңіп, УЕФА Еуропа лигасының іріктеу матчтары аясындағы екінші айналымға жолдама алды.

  • 13 Шiлде 2012
  • 501
Фото - Caravan.kz


Осы жолы да ақтөбелік Марат Бикмаев ерледі. Бұған дейін Кутаиси қаласында өткен ойында ол бір гол соғып, таразы басын теңестірген болатын. Сол кезде «Ақтөбе» мен «Торпедо» арасындағы ойын 1:1 болып аяқталған. Кеше Грузияның «Торпедо» командасын өз алаңында қабылдаған «Ақтөбе» өз қарсыластарын 1:0 есебімен жеңді. Голдың авторы — Марат Бикмаев. Осылайша Қазақстанның «Ақтөбе» командасы УЕФА Еуропа лигасының іріктеу матчтарының екінші айналымына шығып отыр.