Осы жұптың алғашқы ойыны шілденің 5-і күні Сербияда өткен еді. Сол кезде «Ордабасының» футболшылары «Ягодинаны» 1:0 есебімен жеңген. Бұл жолғы кездесуде есеп ашылмаса да, бұған дейінгі жеңістің арқасында «Ордабасы» УЕФА Еуропа лигасының іріктеу матчтарының екінші айналымына өтті. Оның келесі қарсыласы «Русенборг» (Норвегия) — «Крузейдерс» (Солтүстік Ирландия) арасындағы ойында анықталады.