Футбол: «Ақжайық» құрамына қос жаңа ойыншы қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: «Ақжайық» құрамына қос жаңа ойыншы қосылды

Футбол: «Ақжайық» құрамына қос жаңа ойыншы қосылды

Футболдан Қазақстан чемпионаты премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген Оралдың «Ақжайығы» қос бірдей жаңа ойыншымен толықты.

  • 16 Шiлде 2012
  • 470
Фото - Caravan.kz

Оның бірі команданың бас бапкері, словакиялық маман Йозеф Шкрликтің отандасы — қорғаушы Милош Брезински. Чехия, Словакия, Румыния клубтарында ойнаған 28 жасар Милош ұлттық құраманың сапында да доп теуіп үлгерген. Бойы ұзын (190 см) болғандықтан, қорғаныс шебін нықтауына мүмкіндігі зор. Тыңнан қосылған екінші футболшы — осыған дейін Қаскелеңнің «Сұңқарында» ойнаған қазақстандық жартылай қорғаушы Тимур Халмұратов.

15 шілде күні ел біріншілігінің кезекті турында Қызылорданың «Қайсарымен» өткен кездесуде осы екі ойыншы да бірден алаңға шықты. Тимур бірнеше рет қарсыластар қақпасына қауіп төндірсе, бұрыштамадан доп берілген сәттерде Милош та қонақтардың айып алаңынан табылды.

Әсіресе, екінші тайм алаң иелерінің басымдылығымен өткенімен, ойында есеп ашылған жоқ. «Қайсардың» қақпашысы Неманья Джоджо бірнеше рет өз қақпасын аман алып қалса, қызылордалықтардың да алға шығатындай мүмкіндіктері болды. Өткен турда алаңнан қуылған Антон Цириннің орнына «Ақжайықтың» қақпасын қорғаған Роман Багаутдинов шамасы жеткенше қырағылық көрсетті. Ал ойынның екінші кезеңінде Градимир Црнограцтың соққан айып добынан алаң иелерін қақпа маңдайшасы ғана құтқарды. Жалпы, қос команда тең деңгейде өнер көрсетті деуге болады.

«Ақжайық» жеңіске жеткен жағдайда төртінші орынға көтерілетін еді. Соңғы үш турда бірде-бір доп соқпаған оралдық команда турнир кестесінде сегізінші орынға сырғып кетті.

Батысқазақстандықтар 29 шілдеде Ақтөбеде Еуропа лигасында ел намысын қорғап жүрген жергілікті командамен күш сынасса, 5 тамызда соңғы турда Таразда чемпионаттағы топ бастаушылардың бірін 3:1 есебімен шаң қаптырып кеткен Талдықорғанның «Жетісуін» қабылдайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера