Ауыр атлетикадан өткен ел біріншілігінен батысқазақстандықтар олжалы оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр атлетикадан өткен ел біріншілігінен батысқазақстандықтар олжалы оралды

Ауыр атлетикадан өткен ел біріншілігінен батысқазақстандықтар олжалы оралды

Қостанай қаласында 1994-1995, 1996-1997 және 1998 жылғылар арасында өткен ел біріншілігінен батысқазақстандық ауыр атлеттер табысты оралды.

  • 16 Шiлде 2012
  • 598
Фото - Caravan.kz

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірлерінен және Қырғызстаннан 400-дей споршы қатысты.

1996-1997 жылы туылған спортшылар арасында 50 келі салмақ дәрежесінде Орал қаласының «Мұз спорт сарайы» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен Рауан Бүркітов жеңімпаз атанды. Рауан жұлқа көтеруден соң 65 келіні,серпе көтеруден 80 келіні бағындырып, чемпион атанды. Ал 1998 жылғылар және одан кішілер арасынан спортқа дарынды балалар мектеп-интернатының оқушысы Абылай Сәтиев (50 келі) күміс жүлдеге ие болды. Жүлдегерлер қатарында Айбек Сағынғалиев пен Досбол Елеген де бар.

Жалпыкомандалық есепте батысқазақстандықтар 21 команданың арасынан жетінші орынға ілікті.

69 келі салмақ дәрежесінде екі сайыс қорытындысы бойынша 245 келіні бағындырған Дәурен Байториев алғаш рет Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера