14 шілдеде басталған бұл байрақты бәсекеде Александр Гутор жетекшілік ететін қазақстандықтар «В» тобындағы қарсыластарынан жексенбі күні тайландтықтарды 3:0 (25-18, 26-24, 26-24), ал кеше КХДР құрамасын 3:1 (25-16, 25-21, 17-25, 25-19) есебімен ұтты. Ертең енді топтық кезеңдегі ақтық ойынын жапон волейболшыларымен өткізеді.
Жапония құрамасы бұған дейін Тайландты 1:3 есебімен ұтқанымен (15-25, 23-25, 25-23, 18-25), солтүстіккореялықтарға дәл осындай есеппен (27-25, 23-25, 25-22, 25-22) есе жіберген болатын. Сенбі күні аяқталатын бұл бәсекеде «А» тобында Вьетнам, Австралия құрамалары және Қытайдың «Jiangsu» мен Оңтүстік Кореяның «IBK» командалары өнер көрсетуде. Онда жарыс қожайындары көш бастап келе жатыр. Олар австралиялықтарды 3:0, ал оңтүстіккореялықтарды 3:2 есебімен ұтқан болатын.