Қызылордалық жас дзюдошылар Саха елінен 1 алтын, 1 қола медаль алып қайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық жас дзюдошылар Саха елінен 1 алтын, 1 қола медаль алып қайтты

Қызылордалық жас дзюдошылар Саха елінен 1 алтын, 1 қола медаль алып қайтты

Қызылордалық балғын дзюдошылар Ресей Федерациясының Саха Республикасында болып өткен «Азия балалары» V халықаралық спорттық ойындарынан 1 алтын, 1 қола медаль алып оралды.

  • 18 Шiлде 2012
  • 516
Фото - Caravan.kz

Бұл дүбірлі додада Жалағаш ауданының өкілі Жақсыбек Жеңісбек 50 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, ақтық белдесуде Ресей спортшысын жеңді. Ж.Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернаттың түлегі Бауыржан Жауынтаев 55 келіде қола жүлдегер атанды.

Спортшыларды жарысқа Арман Молдаханов пен Қален Қалиұлы дайындады.

Енді олар 17-21 қыркүйек аралығында Тайпей қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады.