Жағажай волейболынан «Гранд Слэм» әлемдік турының Австриядағы кезеңін ұлттық құрама сәтті бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жағажай волейболынан «Гранд Слэм» әлемдік турының Австриядағы кезеңін ұлттық құрама сәтті бастады

Жағажай волейболынан «Гранд Слэм» әлемдік турының Австриядағы кезеңін ұлттық құрама сәтті бастады

Жағажай волейболынан Австрияның Клагенфурт қаласында өтіп жатқан «Гранд Слжм» әлемдік турының кезеңдік жарысын кеше Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко сәтті бастады.

  • 19 Шiлде 2012
  • 386
Фото - Caravan.kz

Олар дәрежелік 1-раундта жарыс қожайындарын 2:0 (21-16, 21-16), 2-раундта Норвегия спортшыларын 2:1 (21-13, 16-21, 18-16) есебімен ұтты. Ал Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов жұбы жарысты ерте аяқтады. Жарақат алған Алексейдің орнына ұлттық құраманың бас бапкері Денис Ровкиннің өзі шыққан. Алайда олар Германия волейболшыларына 2:1 (19-21, 21-15, 15-13) есебімен есе жіберіп, 41-орын алып, рейтингтік ұпай қоржынына 24 ұпай қосты.

17 шілдеде басталған бұл байрақты бәсекеде бұған дейін әйелдер арасындағы сайыста Татьяна Машкова мен Ирина Цымбалова 32-орын алып, 40 ұпайды қанағат тұтқан болатын. Жарыс жеңімпаздарының есімдері 22 шілде күнгі ақтық сында белгілі болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера